28 шілдедегі жағдай бойынша 1 миллион 820 мың қазақстандық шілде айына 42 500 теңге алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 1,9 миллион адамға тағайындалды. 1 миллион 820 мың қазақстандыққа ақша аударылды", - делінген хабарламада.42 500 теңге кірісінен айырылған азаматтарға шілде айына төленеді. Азаматтар санаты бойынша:
- 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
- 170,4 мың өтініш жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілерден түсті;
- 1 миллион 241 мың өтінішті жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар берді.