Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қызылордалық тұрғындар жергілікті биліктен алданып қалды

Қызылордалық тұрғындар жергілікті биліктен алданып қалды

Қызылордалық тұрғындар жергілікті биліктен алданып қалды
ашық дереккөзі
 width= Қызылордада 70-тен астам пәтер иесі жергілікті биліктен алданғандарын айтып, налиды. Шахардың Шанхай ықшам ауданында биыл қыста 18 пәтерлі 4 үйге модернизация жұмыстары жүргізіліпті. Алайда, "үйлеріңді тиімді бағаға күрделі жөндеуден өткізіп береміз" деген әкімқаралар енді сөздерінен айнып қалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Бұл - Шанхай ықшам ауданындағы "модернизациядан өтті" деген үйлер. Тұрғындардың айтуынша күрделі жөндеу жұмыстары ақпан айынан бастап жүргізіліпті. Оның шығынын тұрғындар бастапқы келісім бойынша айына 5 мың мен 10 мың аралығында 7,5 жыл бойы төлеуге тиіс болған. Алайда келісім-шартты көргенде жағамызды ұстадық, дейді. Себебі құжаттарда басқа сома көрсетілген екен. АЛМА ЖАҚИЯЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бастапқы кезде сол екі бөлмеліге 6-7 мыңнан төленеді деді. Үш бөлмеліге одан көптеу 7-8 мыңнан төленеді деді. Келістік, осы үйде ремонттап болғаннан кейін бір апта бұрын бір жігіт келіп, маған қол қою керек келісім-шартқа деді. Содан көргенбіз ғой, көрсек баға шарықтап кеткен. Үш бөлмеліге 18 мың бір бәле теңгеден, екі бөлмеліге 13 мың біл бәле теңгеден. Сосын біз келіспейміз дедік».
Келісім-шартқа сәйкес тұрғындар осы ақшаны 15 жыл төлеу керек екен. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер арнайы техникаларына осы үйдің электр жарығын да пайдаланыпты. Соның салдарынан бір айға 3-4 мыңнан жарыққа төлейтін тұрғындар 5 есе шығынға батқандарын айтады. МҰРАТ БАЙДҮСЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Қыста бастаған. Айттық, қыста сыланған сылақ тұрмайды ешқашанда, түсіп қалады деп. Сетка қағылу керек дедік. Олар айтты смета бойынша ешқандай сетка есептелмеген деді. Сөйтіп бастап кетті, бұл сылақ ертең көп болса бір жыл тұрады. Бір жылдан кейін барлығы түседі».
Ал, қала әкімдігі нысанның әлі қабылданбағанғын алға тартады. Және де тұрғындар төлеуі тиісті ақшаны қайта қарайтындарын жеткізді. БІРЖАН ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бағасы туралы да қазіргі таңда құрылыс кампаниясы мердігер мекеме, жобалаушы мекеме және тапсырыс беруші мекеме тарапынан қазіргі таңда бағасына сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,зерделеу нәтижесімен тұрғындармен кездесу жүргізіліп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады».
Шенділер модернизацияның сапасын да қолға алатындарын жеткізді. Тұрғындармен кездесу кезінде айтылған кемшіліктердің барлығы жөнделмейінше нысанды қабылдаудан бас тартамыз деп сендірді.