12 қапқа салынған 10 тонна алтынмен елден шықпақшы болған жүк көлігі ұсталды

12 қапқа салынған 10 тонна алтынмен елден шықпақшы болған жүк көлігі ұсталды

ашық дереккөзі

 width= 2020 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресей Федерациясының Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк автомашинасын тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 көлемді қапқа салынған алтыны бар кенді анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Құжат бойынша жүк "кварцит" ретінде ресімделген.

Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 1 грамм алтынның құны – 25 213 теңге. Алдын ала бағалауға сәйкес алынған өнімнің сомасы шамамен 250 млн теңгені құрауы мүмкін.
Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Жүктелуде...