Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Цой: карантин режимін жеңілдету үшін санитарлық талаптарды күшейтеміз

Цой: карантин режимін жеңілдету үшін санитарлық талаптарды күшейтеміз

Цой: карантин режимін жеңілдету үшін санитарлық талаптарды күшейтеміз
ашық дереккөзі
 width= 3 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдейді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Министрдің айтуынша, карантинді жеңілдету үшін санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтіліп, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтық талаптары сақталуы тиіс.
"3 тамыздан бастап апта ішінде инфекция репродуктивтілігі көрсеткіші бірден төмен (R ≤ 1), ал төсек-орындар 70%-ке босаса және өлім-жітім деңгейі төмендесе, келесі инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат етіледі", – деді Цой үкімет отырысында.
Жұмысын бастайтын нысандар:
  • уақыты мен күні шектелуімен сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық түлік, азық түлік емес базарлар;
  • балалар коррекция кабинеттері, білім орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер. Топтарда бес баладан аспауы тиіс;
  • кезекші топтар режимінде мектепке дейінгі мекемелер;
  • сұлулық салондары, шаштаращ, косметика және косметологиялық қызметтер ұсынатын орталықтар мен салондар, алдын ала жазылуы бойынша маникюр және педикюр;
  • мемлекеттік органдар мен кеңсе қызметкерлерінің кем дегенде 80%-і қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен қатар, таза ауада әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және топпен жаттығу жасауға, Ұлттық құрамаларға 30 адамнан аспайтын топпен спорттық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі. Көшеде, саябақтарда, скверлер мен жағалауларда үш адамнан артық топтасуға болмайды. Қоғамдық көліктің жұмысы уақыт пен жолаушылар санын 50%-ке шектей отырып, маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауды және кондукторлардың болуын міндеттеу арқылы қайта жанданады. Қандай тыйымдар күшінде қалды:
  • барлық бұқаралық шаралар, көңіл көтеретін мекемелер, кинотеатрлар, фудкорттар мен банкет залдарының қызметі;
  • мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтары;
  • мәдениет нысандары, музейлер, конференция, көрме және форумдар өткізу;
  • спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарк жағажайлары;
  • діни нысандардың жұмысы;
  • қала маңы жолаушылар пойыздары (электричка), ортақ вагондар, қалааралық автобустартың қозғалысы (микроавтобустар).