Алматыда 97 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Александр Колесников қайтыс болды.
Бұл туралы
NewsRoom+Ақпарат тілшісі
Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Ақпаратты ҰОС ардагерлері кеңесі өкілі растады.
Александр Колесников Семей (Шығыс Қазақстан) облысы мен Алтай өлкесінің шекарасында Коробейников ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1941 жылы Александр Егорович құрдастары сияқты майданға өз еркімен аттанған.
Мәскеу түбінде соғысқан. Минскіні босату ұрыстарына қатысқан. Польшада шайқасқан. Колесников екі рет ауыр жарақат алып, екінші мүгедектік тобы берілген. Кейін денсаулығына бойынша әскерден босатылған.
"Ұлы Жеңіс", 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО мен Қазақстанның жауынгерлік медальдарымен марапатталған.
Соғыстан кейін Александр Егорович Барнауыл политехникалық институтына түсті. Шымкентте он жыл тұрған. Облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы қызметін атқарған, қалалық комитет пленумының мүшесі болды. 1972 жылы Алма-Ата қаласына (қазіргі Алматы) көшіп келген.