Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

Шымкентте мобильді бригадалар саны 200-ге жуықтады

ашық дереккөзі

 width= Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен емханалары жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласының баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, Мұрат Дүйсенбекұлы мобильді бригадалар санын әліде арттыру қажеттігін айтқан болатын. Сол себепті, олардың саны бүгінде 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

«Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197 жетті. Олармен 16-мыңға жуық науқасқа үйге арналған станционарлық қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды»,-деді Т. Варзилов.
Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар станционарларда ем алушы науқастардың саны күрт төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күннің ішінде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде станционарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.

Жүктелуде...