2020 жылдың бірінші жартыжылдығында зейнетақы қоры салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледі.Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады, деп жазылған қордың сайтында.
Жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның ішінде:
- зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 30,2 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,2 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 13,7 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 1,4 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 805 млн теңге.