weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пневмония кезінде моншаға түсуге болмайды

Пневмония кезінде моншаға түсуге болмайды

Пневмония кезінде моншаға түсуге болмайды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Алматы қаласы фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов онлайн брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Өкпе оттегі алмасатын орта. Пневмониядан емделіп, өкпеміз қалпына енді келіп жатқанда ыстық моншаға кірсек  оған қосымша қысым жасаймыз. Ол өкпеге өте ауыр жағдай туғызуы мүмкін,-дейді дәрігер.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының қан тамыр жүйесіне әсері қатты, сондықтан қан ұйып тұрады, ал моншаға барғанда терлейміз деп  қанымызды қоюлатып алуымыз мүмкін. Моншаға барудың арты алтоиммундық ауру  түріне, яғни бактериялық пневмониямен ауырып қалуға әкелуі мүмкін. Сол себептен емделіп болған соң, реаблитация мерзімін толық өткізіп, екі айдай салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығым  қалпына келді-ау деген кезде бір тексеріліп барып қана моншаға барған жөн. Моншаға барып пневмонияны ағзамнан қуып шығамын деген болмайды,-дейді Абзал Малбасқанов. Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясы таралуының жоғары шегінен жеткенін, қазір жағдай тұрақтанғанын айтты. Өткендегідей емес, қазір жағдай бақылауға көнді. Науқастар қатары да сабырсыды. Дәрігерлер өз міндеттерін адал атқаруда және мемлекет тарапынан тағайындалған сыйақыларды уақыты алуда,-дейді ол.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→