Әлем елдерінде педофилдер қалай жазаланады?

Әлем елдерінде педофилдер қалай жазаланады?

ашық дереккөзі

 width= Соңғы уақытта елімізде кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету қылмыстары шектен тыс көбейіп жатыр. Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұл процедура педофилиямен сотталған қазақстандықтарға тағайындалады. Бірақ бұл қасірет көбеймесе, азайып жатқан жоқ.Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін педофилдерге ең ауыр жаза 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болатын. Алайда, максималды мерзім екі жылға яғни, 17 жылға ұзартылды.  width= Басқа елдерде педофилдер үшін қолданылатын жаза түрі әртүрлі. Көрші Ресейде балаларға қатысты сексуалдық қылмыстар 4 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Бірнеше рет қылмыс жасаған педофилдер үшін, оның жәбірленушісі 14 жасқа дейінгі бала болса, өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған, сонымен қатар міндетті медициналық рәсімдер, атап айтқанда химиялық кастрация жасалады. Қытайда, Таяу Шығыс елдерінде, Африка, Латын Америкасында, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясында педофилдерге аяусыз өлім жазасы қарастырылған. Африкада педофилдер тірідей өртеледі.  width= Польшада бірнеше жылдан бері педофилдердің ашық тізімі Әділет министрлігінің сайтында жарияланады. Тізімде сотталған педофилдердің аты-жөндері, фотосуреттері, туған күні және тұрғылықты мекен-жайы көрсетілген. Сонымен қатар, Польшада педофилдерді химиялық кастрациялау қолданылады. Балаларға қарсы жасалған сексуалдық сипаттағы қылмыстары үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Америка Құрама Штаттарында педофилдерді химиялық кастрациялау 1996 жылдан бері қолданылады. Педофилия үшін бұл жазаны алғаш қолданған мемлекет Калифорния. Хирургиялық кастрация 1997 жылдан бастап Техас штатында да ерікті түрде өткізіліп келеді.  width= Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарында босатылған педофилдерге қатысты шектеулі шаралар қолданылады. Түрмеден шыққаннан кейін олар тұрғылықты жері бойынша тіркеледі. Олардың тұратын жері туралы ақпарат, сондай-ақ сотталған педофилдердің фотосуреттері интернеттегі ұлттық деректер базасында тұрады. Германияда педофилдерге 6 айдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Жүктелуде...