Тегін берілетін құжаттар ақшаға сатылуда

Тегін берілетін құжаттар ақшаға сатылуда

ашық дереккөзі

 width= Тегін берілетін құжатты қыруар қаржыға сатып, жоқ жерден пайда көріп жүргендер бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Сақтандыру полисін енгізу бойынша куәліктерді күмәнді тұлғалардан алу заңсыз... ДӘУЛЕТ ДҮЙСЕНБЕК, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Бізде барлық бейнебақылау ғимараттың ішінде орналасқан. Ондай жалған ақпаратты беріп жатқандарына мен келіспеймін. Өйткені бұл кісілер осы жердегі тұтынушыларға айтып жүреді, мынаны істеп береміз, оны істеп береміз деп».
Айтпақшы, пысықайлардың қымсынғанын көрмедік. Қызметтерін ашықтан ашық ұсынып, ойқастап жүр. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен полиция департаментінің  бірлескен рейді барысында 10 шақты азаматты біздің көзімізше ұстады. Олардың барлығы кезекте тұрғандарға ақылы қызметтер ұсынып, заңсыз пайда тауып келген. Мамандар мұның зардабын былайша түсіндірді. ЕРКЕБҰЛАН АМАНТАЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
«Соларға сеніп тапсырылған электронды цифрлық қолтаңбасын болашақта өздері қолданып кетуі мүмкін. Біздің полиция қызметкерлері екі сақтандыру қызметін факт бойынша ұстады. Қызметкерлерді сақтандыру полюсі арқылы, халыққа мазасын алу арқылы өздерінің сақтандыру қызметін ұсынады».
Жүргізушілер орталықта кез келген қызметті тегін рәсімдей алады. Тек елдегі күрделі ахуалға байланысты жұмыс уақыты қысқарып,  мамандар саны да бұрынғыдан азайған. Сол себепті кезек мәселесі туындапты. ДӘУЛЕТ ДҮЙСЕНБЕК, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«АО Нит мамандарды реттеп жатыр, базада өзгеріс болып жатыр. Қарастырып жатыр. Енді біз барынша ондай кісілдерді, бронсыз келгендерді де реттеп беріп жатырмыз».
Алаяқтардың арбауына көбіне алыстан келгендер түсіп жатады екен. Ақшасының асып тасығанынан емес, кезек көп. Уақыт болса, тапшы. Осы орайда мамандар тегін берілетін қызметтер үшін босқа шығындалмай, уақыттарын тиімді пайдалануға шақырады.  

Жүктелуде...