Бүгін Тоқтар Әубәкіровтың туған күні

Бүгін Тоқтар Әубәкіровтың туған күні

ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстанның халық қаһарманы, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің туған күні. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Атамыз биыл 74 жасқа келді. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. – Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы. – Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады. – Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады. – Марста өмір сүруге қарсы емес. – Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді. – Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері. – Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады. – Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды. – "Әлемдегі ең қауіпті жануар – адам" деген оймен толықтай келіседі. –  Ғарыш әлемінде  7 күн 22 сағат 13 минут болған.

Жүктелуде...