"СК-Фармация" сайтында "
Халықтық бақылау" айдарында гуманитарлық көмек, сатып алудың ашықтығы және медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектер жеткізу туралы ақпараттар жарияланады. Барлық ақпарат осы айдардағы тиісті бөлімдерде орналасқан. Бұл туралы
zakon.kz сайтына
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта бірқатар бөлімдегі ақпараттан қайта өңделуде. Бірақ біздің елімізге көрсетілген гуманитарлық көмек туралы деректер орналастырылып үлгеріпті.
Мысалы, 25 шілдеде келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, мына мемлекеттерден әлі де гуманитарлық көмек жеткізу жоспарланып отыр екен: БАӘ, Қытай, Моңғолия, Венгрия, Польша, Украина, Израиль, Корея. Сонымен қатар ДДҰ-ға көмек көрсетуге ниетті.