Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

АҚШ пен КСРО арасындағы белгісіз қанды шайқас

АҚШ пен КСРО арасындағы белгісіз қанды шайқас

АҚШ пен КСРО арасындағы белгісіз қанды шайқас
ашық дереккөзі
 width= 1945 жылы 14-ақпанда АҚШ-тың әуе күштері күтпеген жерден Прага қаласын бомбалай жөнеледі. Алайда жоспар бойынша соққы өзге қалаға жасалуы тиіс болатын. Бұл түсініксіз әрекетті көрген кеңес ұшақтары әуеге көтеріледі. АҚШ «Лайтингтері» КСРО-ның бір ұшағын атып түсіреді. Ал қарымта соққыда АҚШ-тың үш «Лайтингі» құлатылады. Кейіннен бұлт арасынан жақын келіп, КСРО ұшақтары АҚШ ұшқыштарына олардың одақтас екенін туды көрсету арқылы ұқтырады. Солайша шайқас тоқтайды. Сол күнгі бомбалаудан Прагада 700 тұрғын қаза тапқан еді. АҚШ ұшақтары Дрезденді бомбалауға аттанып, қалың тұманнан адасып, Праганы жау қаласына балап, осындай әрекетке барған көрінеді. Кейін «бұл оқиғаға кінәлілер жазалануы тиіс» деген ұсыныстар болғанына қарамастан, ешкім жазаланбады. Осыған ұқсас оқиға бір жыл бұрын да болған. 1944 жылы 7-қарашада Югославияның Ниш қаласындағы Кеңес әскерилерін АҚШ ұшақтары шабуылдап, 34 КСРО сарбазы қаза тапқан. Оққа ұшқандар ішінде генерал-лейтенант Григорий Котов бар еді. Бұл оқиғаны да АҚШ басшылығы қате ақпараттың салдарына жауып, жылы құтылған.

Асхат Қасенғали