Жол апатынан төрт жасар бала қайтыс болды (ВИДЕО)

Жол апатынан төрт жасар бала қайтыс болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

 width= Полиция төрт жастағы бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады. Апатқа қызметтік көлік те қатысқан. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Төрт жасар бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ашылған қылмыстық істі тергеу барысында полиция апаттың қасындағы "Арагви" кафесінің бақылау камераларынан бейнені зерттеп жатыр.
Апат кеше Қостанай-Рудный жолының 10-шақырымында болған. Патрульдік көлік бұрын сол жолдың 17-шақырымында болған жол апатына қарай бара жатқан.
  Маяктарын қосқан қызметтік көлік жолда ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 жасар бала қайтыс болды. 12 жастағы жасөспірім мен әйел зардап шекті, полиция қызметкері де жарақат алған. Қостанай облысының полиция департаментінде қызметтік көлікпен апатқа ұшыраған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сараптама тағайындалған.

Жүктелуде...