Борис Джонсон: Екпеге қарсы шыққандардың есі дұрыс емес

Борис Джонсон: Екпеге қарсы шыққандардың есі дұрыс емес

ашық дереккөзі

 width= Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон маусымдық тұмау екпесіне қарсы шығушыларды сынға алды.Бұл туралы  «Хабар 24» арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Үкімет басшысы Лондондағы ауруханалардың бірінің мейірбикелерімен кездесу кезінде: «Қазір екпелерге қарсылық танытушылар көп. Олардың есі дұрыс емес» деп бірнеше рет қайталады. Айта кетейік, Ұлыбритания билігі алдағы уақытта халықты тұмауға қарсы егу бойынша ауқымды шара өткізуді жоспарлап отыр. Азаматтардың кей тобын тегін егу де қарастырылған. Осылайша жергілікті билік коронавирустың екінші толқыны алдында денсаулық сақтау саласына түсетін жүкті жеңілдетуді көздеп отыр.

Жүктелуде...