Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Солтүстік Корея Covid-19 дертімен енді күрескелі жатыр

Солтүстік Корея Covid-19 дертімен енді күрескелі жатыр

Солтүстік Корея Covid-19 дертімен енді күрескелі жатыр
ашық дереккөзі
 width= Солтүстік Корея билігі эпидемия басталғалы алғаш рет коронавирус жұқтыруы мүмкін деген науқастың барын хабарлады. Мемлекеттік KCNA агенттігі "Безбүйрек вирус елге келді деп айта беруге болады" деп КХДР басшысы Ким Чен Ынның сөзін келтірді.Бұл туралы Азаттық радиосына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. КХДР билігінің мәлімдеуінше, олар Оңтүстік Кореяға қашып, үш жылдан кейін 19 шілде күні оралған азаматынан күдіктеніп отыр. Шекара маңындағы Кэсон қаласында карантин тәртібі енгізілді. Жабық ел саналатын Солтүстік Корея осы күнге дейін елде коронавирус жұқтырғандардың барын жоққа шығарып келген. Сарапшылар Солтүстік Кореяға вирус әлдеқайда ерте жеткен, бірақ билік ол туралы хабарламаған дейді. ҚХДР – Covid індеті бастау алған Қытайға көрші мемлекет. Оның жанындағы Оңтүстік Корея да індеттен зардап шеккен елдердің қатарына кіреді. Қала-мемлекет немесе арал-мемлекет санатына жатпайтын елдер арасында коронавирус жұқтырған азаматтары барын мойындамай отырған бір ғана мемлекет қалды. Ол – жабықтығы мен авторитарлығы жөнінен КХДР-дан кем түспейтін Түркіменстан. Ресми Ашхабад коронавирустың елге келгенін жоққа шығарғанымен, елдегі карантин шаралары індетпен ашық күресіп жатқан елдердің шараларына ұқсайды.