Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елбасы Сағадиевтер отбасына көңіл айтты

Елбасы Сағадиевтер отбасына көңіл айтты

Елбасы Сағадиевтер отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
 width= Елбасы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев Сағадиевтің ұзақ жыл түрлі жауапты қызметтерді атқарып, үлкен экономист ғалым ретінде өзінің бар білімі мен ұйымдастырушылық мол тәжірибесін Отанымызды өркендетуге, тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге арнағанын атап өтті.
"Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, академик, экономист, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 83 жасында көз жұмды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоғамдық қорының PR және маркетинг департаменті директоры Майраш Тайкенова хабарлады.