Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жириновский: Ресейдің есігін қағып, қайта құрамына қабылдауын сұрасын, орыс туы оларды сабасына түсіреді!

Жириновский: Ресейдің есігін қағып, қайта құрамына қабылдауын сұрасын, орыс туы оларды сабасына түсіреді!

Жириновский: Ресейдің есігін қағып, қайта құрамына қабылдауын сұрасын, орыс туы оларды сабасына түсіреді!
ашық дереккөзі
 width= Атышулы Владимир Жириновский тағы да «Комсомольская правда» радиосына сұхбат берді. Жүргізуші Роман Голованов «Әзірбайжан Арменияның АЭС-ын, ал Армения Әзірбайжанның су бөгетін жарып жібермек. Бұған көзқарасыңыз қандай? Бұл мәселе ғой» деген сұрақ қойды.
Жириновский ол сұраққа: «Әрине мәселе. Үлкен мәселе. Дәл осындай мәселе барлық жерде бар. Барлық жерде адамдар өз шекарасында өмір сүріп жатқан жоқ. Армяндар Бакуде кезінде әзірбайжандардан көп тұрды. Сумгаитта да көп еді. Нахичевань – бұл таза армян аумағы болатын. Тіпті «На-хи-че-вань» деген атаудың өзі соны меңзеп тұр. Бұл әзірбайжан атауы емес. Патша дәуірінде олар өздеріне ыңғайлы жерлерді мекен етті. КСРО-да да тура солай болды. Бірақ бір қателік жасады. Олар республика құрып алды. Армения, Әзірбайжан, Нахичевань ССРі, Абхаз ССРі. Бұның бәріне Ленин, Сталин, Хрущев, Брежнев, Зюганов кінәлі. Солар ұлттық бөлшектенуді, ұлттық қан төгуді бастады. Армяндар да, әзірбайжандар да өліп жатыр. Өйткені шешімі біреу ғана, Таулы Қарабаққа халықаралық статус беру керек. Арменияға да, Әзірбайжанға да тиесілі етпей. Немесе Ресей құрамына қосу керек. Олай болмаса олар соғыса береді. Тура Палестина сияқты. Арабтар ешқашан Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындамайды, ал Израиль керісінше оны арабтарға тиесілі деп ешқашан айтпайды. Шешім біреу ғана, қайта Ресей құрамына ену. Олай болмаса таусылмас соғыс жалғаса береді. Оның соңы үлкен қайғымен бітуі мүмкін. Біреуі су бөгетін жарады, енді бірі атом станциясын атқылайды. Тау халқы өте қызуқанды. Мен онда өмір сүре алмадым. Тбилиси, Баку, Ереванда тұрдым, кетер күнімді қатты күттім. Олар өте қызуқанды келеді. Үнемі соғысып жүреді. Онда ғасырға созылған кектер бар. Тек қана орыс туы оларды сабасына келтіреді. Тек қана біздің ту. Кремльге келіп, есігімізді қақсын. Ресей құрамына кірсін, тым болмағанда конфедерация болып. Болды,»- деді ол.
Бұған дейін ол «Ресей болмаса Орталық Азия қызыл қанға боялар еді» деген болатын.

Асхат Қасенғали