Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Тальго» қозғалысы екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылды

"Тальго" қозғалысы екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылды

«Тальго» қозғалысы екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылды
ашық дереккөзі
"Тальго" қозғалысы екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және енгізілген карантиндік шараларға байланысты жолаушылар пойыздарында жолаушылар ағыны деңгейінің төмендеуі байқалады.
Қоғамның қаржы мәселесіндегі қолайсыздығының алдын алу мақсатында, сұранысы аз Тальгоның екі коммерциялық жолаушылар пойызының жүруін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды:
  • № 69/70 "Алматы-2 - Өскемен-1" бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменге келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;
  • № 51/52 "Алматы-2 - Орал" бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап.
"Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтара алады және ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі", - делінген хабарламада. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясының таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды.