Жапония НАТО-ға кіруі мүмкін

Жапония НАТО-ға кіруі мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Жапония мен НАТО қауіпсіздік саласындағы серіктес ретінде түрлі әскери міндеттерді реттеп келеді. 2013 жылы НАТО мен Жапония арасында арнайы декларацияға қол қойылды. Ал 2014 жылы арнайы қауіпсіздік саласындағы келісім жасалды. Жапония отыз жылдан астам НАТО-мен тығыз байланыста. Токио НАТО-ға Ауғанстан мен Таяу Шығыстың өзге елдеріндегі босқындарды реттеу, қару-жарақпен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек беру мәселелерін реттестіруге қол ұшын созып келеді. 2012 жылы Токио конференциясында Жапония НАТОның Ауғанстандағы міндеттерін іске асыруға 5 млрд доллар қаржы бөлетінін айтты. 2015 жылы Германия басшысы Ангела Меркель Жапонияға ашық түрде НАТО-ға кіруге ұсыныс жасады. Алайда Жапония ол ұсыныстан бас тартты. Себебі Ресеймен Куриль аралдары үшін келіссөздер жүріп жатқан еді. Ал ендігі таңда Жапонияның бірқатар әскери сарапшылары "Ресеймен келіссөздер бір орында тұрып қалуы мен Қытаймен қарама-қайшылықтың артуы, Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы Жапонияны НАТО-ға кіруге итермелеп отыр. Алдағы 2-3 жылда кіруі мүмкін" деген болжам айтуда.

Жүктелуде...