Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді
ашық дереккөзі
Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  Tengrinews.kz  порталына сілтеме жасап. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясының сейсмикалық станциялар желісінде 25 шілдеде сағат 13.32-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданының аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 122 шақырым жерде 5 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1. Магнитудасы - MPV 3.2. Кеген ауданының Саты ауылында дүмпулер 2 балдық күшпен сезілді. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақтардағы жағдайды анықтау үшін әкімдікті, Полиция департаментін, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Зардап шеккендер жайлы хабар жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату