Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округі әкіміне кандидатураларды ұсынуды тікелей эфир арқылы жүргізді. Бұдан былай облыста әр азамат әкімдер сайлауын тікелей эфирде көре алатын болады. Бұл - облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тікелей тапсырмасы. Президенттің ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі Өкімінің күшіне енгеніне 7 жыл болған.
Атап өтейік, сайлау төмендегідей жүреді:
- кез келген азамат өзін-өзі үміткер ретінде ұсына алады;
- аудан әкімдігі үміткер мен оның сайлауалды бағдарламасын ауылдық округтегі қоғамдық кеңестің талқысына салады;
- қоғамдық кеңестің мүшелері ұсынылған үміткерді сайлауға қатысушылар тізімнен шығара алады.
- қоғамдық кеңеспен мақұланған үміткерлер аудандық мәслихатқа барып өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады;
- үміткерлерге депутаттар дауыс береді;
- мәслихат мақұлдаған үміткер аудан әкімінің шешімімен ауыл әкімі тағайындалады.