Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік орган өкілдері онлайн кездесу өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік орган өкілдері онлайн кездесу өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік орган өкілдері онлайн кездесу өткізді
ашық дереккөзі
 width= Облыс әкімінің орынбасары Абзал НҮКЕНОВТІҢ төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, мемлекеттік орган өкілдері, Ассамблея мүшелері мен облыстың этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысқан онлайн кездесу «ZOOM» платформасында өтті.Бұл туралы ortalyq.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Жиын барысында қатысушылар елдегі күрделі кезең уақытындағы атқарылып жатқан шаруалар, қайырымдылық акциялары, жастардың белсенділіктері, қоғамдағы басқа да өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Аймақтағы маңызды салалардағы кемшіліктер ортаға салынып, жауапты мекеме басшылары қажетті дүниелерді өздеріне жазып алды.
– Биылғы жыл біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін үлкен сынаққа толы болып отыр. Көптеген елдерде жағдай тұрақсыз. Елдегі тұрақтылықты сақтауда ширек ғасырдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының еңбегі ұшан-теңіз. Ассамблеяның 25 жылдығы – бұл думанды іс-шара ғана емес. Менің ойымша, бұл жастарды елінің тарихын білуге, сүюге, басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрпын түсінуге және құрметтеуге бағыттау, – деді Абзал Нүкенұлы кіріспе сөзінде.
Кездесу кешінде қатысушылар кезекпен сөз алып, Ассамблеяны мерейтойымен құттықтады. Елдегі қатерлі індеттен қайтыс болған арыстай азамттардың туыстарына көңіл айтып, көздеріне жас алды.
«Осындай қиын кезде бір-бірімізге сүйеу болып, қашықтан болса да көмегімізді аямайық. Осы ымыра-бірлігімізден ажырамай бірге болсақ, індетті міндетті түрде жеңеміз» – деді олар.
 
– Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің келісімімен медицина қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізбекшіміз. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері қиын жағдайда еңбек етіп жүр. Ассамблеяға 25 жыл толса, біздің шешен-ингуш бірлестігі де 25 жасқа келді. Осы қос қуаныш құрметіне ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау, халықтар достығын насихаттау мақсатында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігіне 25 жыл» мерекелік медалі бекітілді, – деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Увайс Джанаев.
Қатысушылар бұл ұсынысты қолдап, көмек қолдарын созатынын айтты. Облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, белгілі меценат Бекзат Алтынбеков мемлекеттік тіл мәселесінің ақсап тұрғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруді әркім өзінен бастауы керек.
«Әріптестерімді 25 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Біз үлкен отбасымыз. Түрлі арандатушылық ақпараттарға назар аудармай, бірлігімізді бекемдей түсейік» – деді ол.
Шара барысында түрлі құттықтау тілектер айтылып, жүрек тебірентер сәттер де орын алды.
– Отан анамыз ауырып жатыр. Оны тастамай, емдеуіміз керек. Бірігуге міндеттіміз. Ассамблея осы бірлігі бекем жұмысын жалғастыруы тиіс. Еріктілерге, көпбалалы аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп жүрген жомарт азаматтарға мың алғыс. Қазір тағы да ақша жинап жатырмыз. Оған тазалықты сақтауға арналған керек-жарақ алып, мұқтаж жандарға таратамыз. Жүрген жерімізде пандемияның қауіпті екенін айта жүрейік, – деді, Теміртау қаласындағы грек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Касапиди Деспина.
Шындығында, шараға қатысушылардың айтуынша, үйде отырып-ақ, індетпен күресіп жүрген жандарға жылы сөзімізді айтып, қолдау көрсетуге болады. Әлеуметтік желілер арқылы түрлі бейнежазбалармен жұртқа пайдамызды тигізіп, моральды көмек беруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жиында осы Ассамблея қабырғасынан тәлім алып, шет елдерде аймағымызды танытып жүрген жастардың жетістігі де тілге тиек етілді. Тәжік этномәдени орталығының жетекшісі Шакарбек Норматов «Облыстық деңгейде індет жұқтырғандардың аулаларының аумағын қатаң бақылауға алған жөн. Болмаса, індетті жеңу қиын» деп есептейді. Ал, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Бахтияр Бекмұрзаев атқарылып жатқан жұмыстармен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Ассамблеяны 25 жылдығымен құттықтап, оның ел дамуына қосқан шексіз үлесіне тоқталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының басшысы Александр Урмашов пандемия жағдайындағы жастардың жұмысын атап өтті.
«Қазір аймақ жастары волонтерлік және қайырымдылық жұмыстарына белсенді қатысуда. Жастар арасында этносқа бөліну жоқ. Індет қаупі жастарды да біріктірді. Мәселен, қарағандылық Александр Корогодов қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуде. «Біз біргеміз!» акциясы аясында, мамыр-шілде аралығында қаражат жинаудың 4 кезеңі өткізіліп, 1 800 000 теңге жиналды. Олар 136 отбасына көмекке берілді. Алдағы уақытта жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетуді ұйымдастырудамыз» – деді ол.
 
– Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жылдар ішінде үлкен топтастырушы және зияткерлік әлеуетті жинақтап, халықтық дипломатия институтына айнала отырып, дамудың ұзақ жолынан өтті. Еліміздің 100-ден астам этностарын біріктіретін бұл бірегей институт республиканың тұрақтылығы мен үдемелі дамуында үлкен рөл атқарды. Өз сөзімді еліміздің Елбасының мына сөзімен аяқтаймын: «Кемелденуге арналған жаһандық емтиханнан өту үшін ұйымшыл болуымыз керек. Біз барлық қазақстандықтардың арасындағы сенімді нығайтуымыз қажет. Этносаралық келісім – бұл тірі оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз. Бірлік – берекеге бастайды. Сондықтан, бірлігіміз бен этносаралық келісімді сақтауымыз керек…» – деді Абзал Нүкенұлы шара соңында.