Қанат Алпысбаев «Қазпоштаның» жаңа басшысы боп тағайындалды

Қанат Алпысбаев «Қазпоштаның» жаңа басшысы боп тағайындалды

ашық дереккөзі

 width= Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен Алпысбаев Қанат Қалиұлы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болған, 2008 жылдан 2018 жылға дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген.  

Жүктелуде...