Сайрам ауданында жұқпалы індетке шалдыққан 337 науқас тіркеліп, оның 238-і толық емделіп, үйіне шықты. Өкінішке орай, індеттен 21 адам көз жұмды.Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі таңда 44 адам COVID-19 науқас ем алуда. Олармен жақын қарым-қатынаста болған 774 азаматтың 11-і үй карантиніне алынды.
Ауыл округтерінің тұрғын үйлері мен елді мекен көшелеріне дезинфекциялық шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде.
Ал өкпенің қабынуы (пневмония) ауруымен ауырған 163 азамат ем қабылдауда. Олардың 39-ы Ақсукент аудандық ауруханасында, 78-і Қарабұлақ орталық ауруханасында, «САПА» медициналық орталығында 46 адам ем алуда.