Жұбайы сұлу президент немесе Мирзиёев туралы 10 дерек

Жұбайы сұлу президент немесе Мирзиёев туралы 10 дерек

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің туған күні. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев телефон шалып құттықтады. Шавкат Мирзиёевке ұзақ ғұмыр тілеп, екі ел достастығы мәңгі болсын деп ақ тілегін жеткізді.Қиын кезеңде қолдап, гуманитарлық көмек жібергені үшін алғысын білдірді.  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев туралы бірнеше мәліметті Newsroom+Ақпарат агенттігі ұсынады. Өзбек басшысының жеке өмірі мен өмірбаяны көпшілікке мәлім. Шавкат Мирзиёевтің алғашқы фотолары интернетте 2006 жылы, республиканың премьер-министрі болғалы жарияланып келеді.  width= Өзбекстан басшысының туған күні  - 1957 жылдың 24 шілде. Ресми өмірбаяндағы туған жері нақты көрсетілмеген. Жиззах облысының Заамин ауданы деп берілгенімен, кейбір деректерге сүйенсек, 2010 жылы Мирзиёев мемлекет басшысы болғанға дейін алты жыл бұрын, тәжік журналистері оның Тәжікстанның Ганчинск облысының Яхонт деген өзбектер ауылында дүниеге келгенін жазды. Президенттің әкесі Зааминдегі туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері болып жұмыс істеген.  Республика басшысының әке-шешесі тәжік тектес әулеттен шыққан. Айтпақшы, Шавкат есімі өзбектер мен татарлардың арасында бірдей қолданылады.  Әртүрлі ұғымдарды білдіреді: татар тілінде «билік», өзбек тілінде - «мейірімділік» деген мағынаны береді екен. Мектептен кейін президент республика астанасына жоғары білім алуға барады, ол Ташкенттің ирригация және мелиорация институтына түседі. 1981 жылы "инженер-механика" мамандығын алды. Үлкен мақта егетін Өзбекстанда бұл мамандық беделді. Алайда Мирзиёев одан әрі мансабын ғылыммен байланыстыруды ұйғарып,институтта жұмыс істеді. Ол жерде кіші ғылыми қызметкерден проректорға дейін көтерілді. 1990 жылы Мирзиёев Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесіне сайланды, содан бері оның бүкіл өмірі саясат пен мемлекеттік қызметпен байланысты болды. Ол бірнеше рет тәуелсіз республика парламентінің депутаты болды, Ташкенттің әртүрлі аудандарын, облыстарын басқарды.  width= 2003 жылы үкіметті басқаруға ұсынылды. Мирзиёев 13 жыл премьер-министр қызметін атқарды. Бұрынғы президент Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін республиканы басшысы боп сайланғаны ешкімді таңдандырмады. Оның идеологиялық көзқарастарына сәйкес, ол үнемі өз сөзінде ел дамуының басты кепілі - инновация, жаңа технологиялар және сапалы білім екендігін айтады. Өзбекстан Президенті  жұбайы Зироатхон Хошимовамен "Ирригация және мелиорация институтында" танысады. Мирзиёев бұған дейін комсомол ұйымдастырып, институтта сабақ берген. Ол кезде Зироатхон студент болған деседі.Зироатхон оқу орнында ең сұлу қыз болған. Мирзиёев пен Хошимованың екі қызы және бір ұлы бар. Олардың өмірі туралы ақпарат көп емес. Интернетте ұлы Әлішердің бірнеше суреттері жарияланған. Оның үйленгенін немесе балалары барын ешкім білмейді. Саида мен Шахноза атты қыздары бар, олар  туралы деректер желіде жүреді. Саид Ойбек есімді адаммен отау құрған, екі ұлы мен қызы бар. Шахноза Отабек есімді адамға тұрмысқа шығып, жақында президент оны жеке күзетшісі етіп жұмысқа алған.  width= Өзбекстан көшбасшысының хоббиі туралы ақпарат аз. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Мирзиёев ғылымға қызығушылық танытумен қатар, техникалық өнертабыстар туралы мақалалар оқығанды ​​ұнатады. Айтпақшы, президент ретіндегі алғашқы жарлықтарының бірі - орта ғасырдағы көрнекті түркі ғалымы Ұлықбек атындағы инновациялық орталықты ашу туралы бұйрығы болды.

Жүктелуде...