Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қай гүлді таңдайсыз?

Қай гүлді таңдайсыз?

Қай гүлді таңдайсыз?
ашық дереккөзі
Әдетте гүлді нәзік жанды арулар жақсы көреді. Сол себепті бұл тестті де бойжеткендерге арналған деуге болады. Сіздерге суретте бес гүл ұсынып отырмыз: мимоза, қызғалдақ, інжугүл (ландыш) бәйшешек, зағыпыран (крокус). 1. Бірінші мимоза гүлін таңдасаңыз, сізді бұл көктемде біраз өзгерістер күтіп тұр деген сөз. Бастысы – одан шошынбай, жақсы қабылдай біліңіз. Барлығы да жақсылыққа, ретімен болады. Тек уайымдамаңыз. 2. Қызғалдақ таңдауы сіздің арманыңызды орындайды. Сондықтан батыл түрде жоспарлар құрып, нобайын жасай беріңіз. Өміріңізде барлығы да ойламаған жерден өз орнына қойылады. 3. Меруертгүл не інжугүлді таңдасаңыз, сізді нәзіктік пен романтика күтіп тұр. Бұл көктемде гүлдер ғана емес, сіз де гүл ашып, құлпыра түсесіз. Оның себебі – әрине, махаббат болмақ. Бұл сезім сізді қайта шырмап алады, дайын болыңыз. 4. Бәйшешек – еңбегіңіздің зейнетін көретініңізді білдіреді. Бар жетістігіңіз бағаланады. Көктем бойы осы уақытқа дейін сіңірген еңбегіңіздің жемісін жеп, жақсылап демаласыз. 5. Зағыпыран гүлі ең үздік жеңісті әкеледі. Көктем мезгілі аяқталғанша сол жетістіктің рахатын көресіз. Жаңа үміттің ақталуына тағы да мол қуат жинайсыз. Өмірдің әр қырында өзіңізді ең жақсы жағынан көрсетесіз. Дереккөз: Massaget.kz порталынан