«Осыдан кейін оны «қазақстандық Швейцария» деп атау қиын», - дейді ол.
Белгілі блогер Яков Федоров Бурабайдағы жабайы қоқыс қалдықтарын суретке түсіріп, аумақта заңдастырылған қоқыс полигонының жоқтығын айтты, - деп хабарлайды
NewsRoom+Ақпарат тілшісі
aikyn.kz. порталына сілтеме жасап.
«Бурабайдың бүгін белгісіз жағын көрдім. Осыдан кейін оны «қазақстандық Швейцария» деп атау қиын. Ауылдық округтің аумағында заңдастырылған бірде-бір қоқыс полигоны жоқ. Сондықтан ұлттық парктің күзетілетін аумағында жабайы, заңсыз қоқыстар пайда болады» деп жазды блогер.
Айта кетейік, бұған дейін ол Көбейтұз көлінің жайын қозғаған болатын.