weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркі академиясының Президенті жазушылардың жағдайымен танысты

Түркі академиясының Президенті жазушылардың жағдайымен танысты

Түркі академиясының Президенті жазушылардың жағдайымен танысты
ашық дереккөзі
 width=

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалына арнайы барып, Жазушылар үйінің жұмысымен танысты.Бұл туралы Халықаралық түркі академиясы сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Академия президенті Жазушылар одағы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлымен кездесіп, өзара пікір алмасты.

Айта кету керек, Жазушылар Үйіндегі басқосуға Одақ хатшысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Несіпбек Айтұлы және бірқатар қаламгерлер қатысты.

Кездесуде Академия басшысы Одақпен алдағы уақытта өзара бірлесіп атқарар жаңа жобалар туралы ой бөлісіп, Жазушылар Үйіне Академия басып шығарған бірқатар ғылыми еңбектерді тарту етті.

 width=