Елімізде әкімдер арасында нақты кімдердің отставкаға кететінін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады.Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін 3 саяси мемлекеттік қызметкер отставкаға өтініш білдірген.
Жамбыл облысы Шу ауданының ауылдық округ әкімі Әлімқұлов лауазымын асыра сілтеп пайдаланғаны үшін қылмыстық кодекстің 361-бабының 1-бөлігі бойынша, өмір бойына белді лауазымдық қызметті атқармайды және 505 мың теңге айыппұл төледі.Ал Жамбыл облысының Шу ауданының әкімі отставкаға өтініш беріп, қызметінен өз еркімен босатылды.
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі де отставкаға кетті. Әкімдікке бағынышты аудандық білім бөлімінің басшысы Сапаров сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды.Үш жарым жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына лауазымдық қызмет атқармайды.
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі өз қарамағындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталды. Күнеділова 190-бабтың 3-бөлігі бойынша, лауазымдық қызметтерді өмір бойына атқармайды және 12 миллион теңге айыппұл төлейді.
Сәтбаев қаласының отставкаға кету туралы өтініші қабылданбады.Қатаң сөгіс алды.
"Бұл айтылғандардан бөлек, 45 мемлекеттік қызметші қарамағындағы адамдар жемқорлық қылмысымен сотталған жағдайда әкімшілік те бірге жауапқа тартылады",-деп ескертті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.