Айдос Сарым: Мұнайға тәуелділіктен арылып, өндірісті күшейтпей, экономиканы құтқара алмаймыз

Айдос Сарым: Мұнайға тәуелділіктен арылып, өндірісті күшейтпей, экономиканы құтқара алмаймыз

ашық дереккөзі

 width= Коронавирустық пандемиядан кейін экономиканы құлдыратып алмау үшін ең алдымен өндірісті дамытып, жұмыссыздар санын қысқартуымыз керек дейді белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «Nur Otan» партиясы жақтастарының zoom-конференциясында. Оның пікірінше, билік биыл жыл соңында немесе келесі жылдың басында экономиканы қайта аяққа тұрғызу жұмыстарын қолға алады. Айта кетейік, биыл маусым айында құрылған «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасы мүшелері zoom-конференция өткізіп, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды талқылады. Конференцияға қатысқан саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстандағы экономикалық ахуалға қатысты алаңдаушылығын білдіріп, оны құлдыраудан сақтау үшін қандай шаралар атқару керектігін айтты.

«Менің ойымша, күн тәртібіндегі қазіргі басты мәселе – адамның өмірі, халықтың денсаулығы, пандемияны еңсеру, оның зардабын барынша азайту. Осы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында экономиканы қайта аяққа тұрғызу жұмыстары басталады. Үкімет бұл ретте мұнайға деген тәуелділіктен арылу мәселесіне баса мән беруі керек», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан экономиканы дамытудың қазіргі формасын өзгертуі тиіс. Ең алдымен өндірісті күшейтіп, жұмыссыздар санын қысқарту керек.
«Жыл сайын жұмыссыз қалып жатқан 300-400 мың маманға жұмыс орнын табу, экономиканың формасын, жұмыс істеу бағытын өзгерту керек. Ал, қазір жұмысы бар азаматтардың жұмысын сақтай отырып, еңбек өнімділігін арттырсақ экономикалық құлдырауды еңсеруге болады», - деді саясаттанушы.
Айта кетейік, аталған zoom-конференцияға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Қазбек Майгелдинов, журналистер Бағдат Қожахметов, Айдос Жұқанұлы, Рахат Жақсыбай, блогерлер Яков Федоров, Бибігүл Дәулетбекқызы, Самат Нұртаза қатысты.

Жүктелуде...