4 млн теңгені жылтыр пакетке салып алған әйелді көшеде тонап кете жаздады

4 млн теңгені жылтыр пакетке салып алған әйелді көшеде тонап кете жаздады

ашық дереккөзі

Петропавлда полиция қызметкері ізін суытпай 4 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі  zakon.kz. порталына сілтеме жасап. 22 шілдеде Петропавл қаласындағы "Корона" сауда үйінің жанында әйелдің қолындағы жылтыр пакетін жұлып алған қарақшы тұрғын үй аулалары арасына қарай қашқан. ҚР ІІМ ресми сайтының хабарлауынша, абдыраған әйелдің көмекке шақырған үнін сол маңдағы қалалық патрульдік полиция батальонының патрульдік экипажы қызметкерлері естіген. Қызмет инспекторы Асқар Татанов аулалар арқылы қашқан қарақшының ізіне түскен. Артынан қуғыншы барын білген қаскөй қолындағы пакетті лақтырып, қаша жөнелген. Алайда полиция қызметкері оны ұстап алып, оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына тапсырды. 4 миллион теңгеден астам ақшасы бар пакет дереу иесіне қайтарылды. Қарақшылық фактісіне қатысты ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың бұған дейін бірнеше рет сотталғандығы анықталды. Қазіргі уақытта Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүктелуде...