Гипербариялық оксигенация әдісі ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы пациенттерді гипербариялық оксигенация сеанстарына қабылдауды қайта бастайды.Бұл туралы Президенттік клиниканың баспасөз қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирустық инфекция бүкіл әлемді жайлап, адамдардың экономикалық және әлеуметтік өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Карантиндік шаралар, маска кию, қол гигиенасы және әлеуметтік аралықты сақтау – осылардың барлығы қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазір біз коронавирусты тұмаудан немесе ЖРВИ-дан қалай ажыратуға болатынын, ПТР-сынақты қайда және қалай тапсыруға болатынын және егер өзіңіз немесежақындарыңыз ауырып қалса, не істеу керектігін, сонымен қатар ең бастысы коронавирус өкпені зақымдайтынын жақсы білеміз. Алайда, көптеген адамдар тыныс алу функцияларын қалпына келтіру үшін оңалтудың қажет екенін бәрі біле бермейді.