Алматы: жедел құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты

Алматы: жедел құтқару жасағы тауда жоғалған туристерді тапты

ашық дереккөзі

 width= Шымбұлақ тауында жедел құтқару жасағы жоғалған туристерді тапты. Бұл туралы қалалық құтқару қызметіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. "109" қызметіне 23 шілдеде кешкі сағат 21.15-те хабар түскен. Хабарласқан адам диспетчерге Шымбұлақ шыңына "Малая кругосветка" бағыты бойынша көтерілген 4 адамның жоғалып кеткенін айтқан. Олар 2 топқа бөлініп, шыңға шығуды жоспарлаған. Алайда олар белгіленген уақытта кездеспеген.

"Туристерді іздеуге жедел құтқару жасағы жіберілді. Құрамында 4 адам болды. Олар Шымбұлақ шыңына жаяу көтерілген. Құтқарушылар туристер жіберген теңіз деңгейінен 2900 метр биіктіктегі геолокациялық орынға жетіп, туристерді іздеуге кірісті", - дейді құтқару қызметі.
 
"Біз топты тексеріп, оларға медициналық көмек керек емес екенін білдік. Таудан аман-есен түскен соң жоғалған туристер ата-анасымен кездесті", - дейді құтқару қызметіндегілер.

Жүктелуде...