Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тірідей өртеп, басын шабады: әлем елдерінде педофилдерді қалай жазалайды?

Тірідей өртеп, басын шабады: әлем елдерінде педофилдерді қалай жазалайды?

Тірідей өртеп, басын шабады: әлем елдерінде педофилдерді қалай жазалайды?
ашық дереккөзі
 width= Елімізде соңғы жылдары педофилия қылмысы артты. Қоғам тарапынан азғындарды аяусыз жазалау ұсынылып келеді. Өлім жазасын беру оқтын-оқтын көтеріліп отыр. Ал әлем елдері педофилдерді қалай жазалайды? Еуропа педофилия ең көп құрлықтың бірі саналады. Германияда азғындарды 10 жылға соттап, бала өліміне әкелген қылмыс жағдайында өмір бойына бас бостандығынан айырады. Ал Польшада 15-20 жылға темір торға жауып, химиялық кастрация жасау заңмен бекітілген. Көршілес Ресей педофилдерді 4-20 жыл аралығына соттайды. Түрмеде отыру мерзімі азғынның жасаған қылмысы мен жәбір көрген баланың жасына байланысты. Ал екінші мәрте қылмысты қайталағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады. АҚШ-та педофилдерді жазалау ерекше жолға қойылған. 1996 жылдан бастап химиялық кастрация мен 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып келеді. Азғын жазасын өтеп болғаннан кейін жергілікті тіркеуге қойылып, арнайы бақылау құрылғысы тағылады. Педофилдер жайлы ашық базаға енгізіліп, қоғамға ол жайлы ақпарат белгілі болады. Азғындарды Қытай, Иран, Ирак, бірқатар Латын Америкасы мен Африка елдері, Сауд Арабиясы өлім жазасына кеседі. Африка елдерінде азғындарды тірідей өртейтін сәттер болса, Сауд Арабиясында қылышпен басын шабу тәжірибесі кездеседі. Ал Иранда дарға асса, Қытай ату жазасына бұйырады.

Асхат Қасенғали