Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мұқтаж жандарға көмектесу үшін «Жақсылық жаршысы» атты республикалық марафон басталды

Мұқтаж жандарға көмектесу үшін «Жақсылық жаршысы» атты республикалық марафон басталды

Мұқтаж жандарға көмектесу үшін «Жақсылық жаршысы» атты республикалық марафон басталды
ашық дереккөзі
 width= Індет өршіген тұста елімізде жұмысы тоқтап, жан бағуы қиындаған тұрғындардың саны артпаса кеміген жоқ. Баспанасына қамалып, күнделікті тұтынар азық-түлікке зәру болғандары қаншама. Осындай тұрмысы төмен отбасыларға жомарт жандар бірігіп қол ұшын беру акциясының тағы бір эстафетасын бастады. Қазіргі уақытта миллиондар тұратын мегаполисте 200 қорап әзірленіп мұқтаж жандарға таратылмақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге бағытталған «жақсылық жаршысы» атты республикалық марафон Алматы тұрғындарын да қуантпақ. 21 шілде күні елордадан бастау алған шараны оңтүстік шаһардың жомарт жандары да қолдай кетті. Қазіргі уақытта азық-түлік, бетперде салынған 200 қорап дайын. Енді оларды қала аумағы мен облыстағы мұқтаж жандарға тарату басталады. АЙТУАР ҚОШМАМБЕТОВ  КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Біз кәсіпкерлерден және де ниет білдіруші азаматтардан ақша жинап, сол жиналған ақшаға тиісті дәрі-дәрімектерді ең қажетті тауарларды алып қиналған жандарға көмек көрсетудеміз. Біздің санауымыз бойынша бұл азық-түлік бір айдың көлемінде орташа үш адамға саналған отбасыға бір айға жетуі тиіс».
Кәсіпкерлер палатасы мен жомарт жандар ұйымдастырған шара аясында азық-түліктен бөлек 21 ауа беру концентраторын ауруханаларға таратқан. Қиын қыстау кезде көпшілікке қол ұшын беруге үлкен компаниялардан бөлек, танымал өнер адамдары да ниет білдіріпті. Екі қолға бір күрек ұстай алмай баспаналарына қамалып отырған көпшілікке мұндай көмектің пайдасы орасан зор дейді. НҰРЛАН ЕСПАНОВ  ӘНШІ:
«Қазіргі таңда білесіздер көптеген азаматтарымыз, азаматшаларымыз жұмыссыз үйде отыр. Көп балалы аналарымыз бар. Соның бәріне көмектескен дұрыс деп ойлаймын. Бұл жалпы менің қатысып жатқан бірінші акциям емес. Мұндай акциялар қазіргі таңда дәл осы уақытта енді қажет деп ойлаймын».
Көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері сайт арқылы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері арқылы жиналған. Іске кіріскен отызға жуық ерікті мен шараға атсалысушы жандар барлығын үйлеріне жеткізіп береді. Бұл шара бұдан әрі де өз жалғасын таппақ. Сонымен қатар, өзге қалаларға да эстафета ретінде жолданатын болады.