Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ашуланбау үшін «ақылды алты кеңес»

Ашуланбау үшін "ақылды алты кеңес"

Ашуланбау үшін «ақылды алты кеңес»
ашық дереккөзі
"Ашу дұшпан, ақыл дос" демекші бір сәт ашуға берілу - кейде өмірбойы ұялып өтуге әкеліп соғады. Ашуланбайтын адамның өзі жоқ, барлық адам ашуланады. Алайда ашуға бой алдыру, өзіңнің шыдамсыздығыңды көрсету, өзгенің алдындағы жеңілісіңді көрсететіні анық. Әрине қазіргі кезде ашуланбаудың өзі мүмкін емес. Күнделікті күйбең тірлік, күрделі отбасылылық мәселелер, шарасыздық. Бұлардың бәрі адамды іштей қажытады. Отбасындағы кішігірім ренжісу, бөгде адамға ашуланумен аяқталуы мүмкін. Жалпы өз ашуыңды тежей алмау, болмашы ұсақ-түйек үшін жақындарыңызға ашулану, жақсылыққа әкелмейді. Көбінесе ерлі-зайыптылар жоқ жерден ши шығарып, арты үлкен дау-дамайға айналып кетуі әбден мүмкін. Айналып келгенде, бұл тек түкке тұрмайтын дүниелер ғана. Қазақта "сабыр түбі-сары алтын", "сабыр етсең, ісің оңға басады, шүкір етсең, жамандық та қашады", "шатысқан істің шешімі-шыдам" деген сөздер бекер айтылмаса керек. Бүгін біз ашуланбау үшін қажетті кеңестер ұсынбақпыз. 1.Қандай жағдай болса да сабырлы болыңыз. Салқынқанды болып үйреніңіз. Әрине бірінші кездері бұл оңай болмайды, алайда уақыт өте сіз ұсақ-түйектерге мән бермей, кейін аяқ асты туындаған қиындықтарға да төзімді бола аласыз. 2.Ашудан қашыңыз. Тыныштала алмайтындай қатты ашулансаңыз, ренжіскен адамның қасынан кетіп қалыңыз. Ойша ашуыңыз артта қалды деп елестетіңіз. 3.Ұрыс-керіс кезінде артық сөз айтпаңыз. Өйткені "айтылған сөз, атылған оқ". Жақыныңыздың жанын жаралап, жаныныңыз рахат таппасыңыз анық. 4.Ашу үстінде бұрын болған жайттарды еске түсірмеген абзал. Бетіне басып, кемсіткенімен, сіз кешірілмейтіндей ренжітуіңіз мүмкін. Кейіннен кешірім сұрасаңыз да, көңілге түскен кірбің кетпей қалады. 5.Ашуға берілген адаммен барынша жақсы мәміледе қалуға әрекет етіңіз. Үндемей кетіп қалыңыз. Ол адам сіздің сабырлылығыңызға қарап, өзінің артық кеткенін түсінеді. 6.Өзіңізді ұстай алмасаңыз, басқа жерге кетіп қалыңыз. Мүлде басқа іспен айналысыңыз. Саябаққа шығып, жүріп келіңіз. Менікі дұрыс деген пікірді ойдан мүлдем алып тастаңыз.