Сәтбаев тұрғындары 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіні өздері жазаламақ

Сәтбаев тұрғындары 5 жасар қызды ұрлаған күдіктіні өздері жазаламақ

ашық дереккөзі

Кеше түнде Сәтпаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетіп, кейіннен қыз басқа біреудің пәтерінен табылған, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Оқиға 23 шілдеде 21:00-де орын алған. Полицияның мәліметінше, қыздың әкесі, Жезқазған қаласының тұрғыны, полицияға тиісті арызбен жүгінген. Іздеу жұмыстары басталып, оған тек полицейлер ғана емес, еріктілер де қатысқан. Нәтижесінде бала көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылады. Полицияның мәліметінше, бала қазір ауруханада қаралып жатыр. Сондай-ақ полиция қызды ұрлап кеткен күдіктіні ұстады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=SIGnz67n6G4&feature=emb_logo «Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Күдікті ұсталды. Бірақ бір топ адам күдіктіні өздеріне беруді талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда», - делінген хабарламада. Жергілікті тұрғындар кішкентай қыз табылған үйдің алдына жинала бастаған. Олар күдіктіні жазалау үшін бірнеше рет күдіктінің үйіне басып кірмек болған. Адамдар жиналған жерде түсірілген видео желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр.

Жүктелуде...