Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған дағдарыс күтіп тұр», - Халықаралық қаржы ұйымы

«Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған дағдарыс күтіп тұр», - Халықаралық қаржы ұйымы

«Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған дағдарыс күтіп тұр», - Халықаралық қаржы ұйымы
ашық дереккөзі
2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл – 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз. Кедейлер көбейіп, теңсіздіктің арасы алшақтайды. Дүниежүзілік банк Қазақстанға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасады, - деп хабарлайды NewsRoom+Ақпарат тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап. «Пандемия кесірінен Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр», - дейді Халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары. Экономика әлсіреп, бюджетте табыстан гөрі шығын көлемі артуы мүмкін. Банктың есебі бойынша, қазірдің өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға қысқарып, еңбек нарығы тежелген. Сарапшылар білім беру саласына да тоқталған екен. Ол жақта да үміттен күдік басым. Яғни коронавирус сапалы білімге кері әсер етеді. Себебі, аз қамтылған топтар қашықтан оқу үшін балаларына барлық жағдай жасауға мүмкіндігі жоқ депті Дүниежүзілік банк сарапшылары. Ұзақ уақытқа созылған дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін арттыруы мүмкін. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл – 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз.