Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Цой: 2 тамызда жағдай тұрақталса балабақшалар мен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін

Цой: 2 тамызда жағдай тұрақталса балабақшалар мен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін

Цой: 2 тамызда жағдай тұрақталса балабақшалар мен білім беру мекемелері ашылуы мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирустың ахуалы туралы айтып, жақын уақытта министрлік елде карантинді азайту шараларын жариялайтынын айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстан карантиннен шығудың халықаралық тәжірибесін ескеретінін, сондықтан елде шектеуді жеңілдету кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
«Денсаулық сақтау жүйесі бекіткен карантин шараларының кейбір тармақтары сақталады.  Қашықтан жұмыс істеу форматы жалғасын табуы мүмкін. «, - деп түсіндірді Цой.
  Егер 2 тамызда КВИ-ге қатысты жағдай тұрақты болса, балабақшалар мен білім беру мекемелерін ашу мүмкіндігі қарастырылады.
«Егер кенеттен аурулар мен өлім-жітім санағы жоғарыласа  біз, әрине, үкіметке шектеуді ұзартуды ұсынамыз», - деді Цой.
Оның айтуынша, екі апталық карантиннің әсері енгізілгеннен кейінгі үшінші, төртінші апталарда байқалады.
«14 күн - бұл инкубациялық кезең, содан кейін біз  карантиннің әсерін көре аламыз. Тамыздың ортасында біз төрт апталық карантиннің әсерін көреміз, содан кейін іс-әрекетке көшеміз», - деп түсіндірді министр.
  Министр елде коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған 12-ші хаттама дайындалып жатқандығын мәлімдеді. Жаңа хаттамада жергілікті дәрігердің бақылауымен үйде емдеуге арналған дәрі-дәрмектер ескерілетін болады.