Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Күзге қарай балалар арасында індет өршуі мүмкін

Күзге қарай балалар арасында індет өршуі мүмкін

Күзге қарай балалар арасында індет өршуі мүмкін
ашық дереккөзі
Жүкті әйел коронавирус жұқтырса, нәресте де міндетті түрде инфекциямен туады деген сөз емес. Кесел келгелі денесін дерт дендеген 167 ана өмірге дені сау бала әкелген. Вирус жабысқан 21 шарананы ақ халаттылар емдеп шығыпты. Ал қазір ауруханаларда осы аты жаман вирустан емделіп 100-ден астам сәби жатыр екен. Оларға вирус жүре біткен. Ел болса енді есін жиғанда қауіп қайта күшееді деп дүрлігуде. Күзге қарай балалар арасында коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін деген әңгіме тарады. Вирустық пневмония да өзге аурулармен араласып, айтпай келеді деп қорқып отырмыз. Жас пен жыныс талғамайтын кесел шынымен балаларға қауіпті ме? Бұл туралы NewsRoom+Ақпарат тілшісі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Осы коронавирустың салдарынан асқынып, ауруы қайтыс болған бала тіркелген жоқ. Баланың шетінеген статистикасы жоқ. Бірақ, жүкті әйелдер арасында статистика бар. Коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған. Жүкті әйелдердің ішінде 40 адам қайтыс болды". 15 шілде күні 33 жастағы қарағандылық келіншек жүктілігінің 22 аптасында көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, әйел ауруханаға өкпе қабыну диагнозымен түскенін айтады. Ал, Алматыда Covid-19 инфекциясын жұқтырған жүкті әйел баласымен бірге вирустан құлан таза айығып, үйіне шығарылыпты. Жұқпалы аурулар ауруханасының аты-жөнін атамауды өтінген басшысы науқастардың қазіргі жағдайын айтып берді. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: "9 шілде күні біздің ауруханаға ұл бала 30 июнь күні туылған он күндік болып бізге түсті. Түскен кездегі жағдайы орташа ауыр болды. Оң нәтижемен түсті коронавирусный инфекциямен. Мамасында да, нәрестеде де положительный болған. Сонымен, лечение, емін барлығын алды бізде. Теріс нәтижемен шығып үйіне, қазір емхананың бақылауында". Айдың басында тағы бір денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова жалпы елімізде 1085 жүкті әйел коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Бірақ, кесел жабысқандар анағұрлым көп болуы мүмкін. Себебі, жүкті әйелдер жөнінде ресми ақпараттың бары осы. ЛЮДМИЛА БЮРАБЕКОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Перзентханаға түскен бойда әйелдер хаттамаға сай коронавирусты анықтайтын тест тапсырады. Бірнеше себептермен, сынама өткізе алмай қалған аналар, жедел түрде басқа да ұйымдарға жіберіледі. Бірақ, ол жерде ауруға шалдыққан науқастар болмауы керек. Қолда бар дерек бойынша, елімізде Covid-19 инфекциясын 1085 келіншек жұқтырған". Қазір, вирус туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Енді бірі, күзде пневмония өршіп балалар жаппай ауырады десе.Екіншісі қауіпті кесел сәбидің ағзасына түспейді, - дейді. Бірақ, іс жүзінде мүлде басқаша. Вирус кәрі жасты талғамайды екен. Бүгінде 100-ден астам сәби инфекциямен күресіп жатыр. АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Күздің кезінде басқа да вирустық инфекциялар бас көтеретіні өзіңізге белгілі. Грипп, парагрипп басқа да вирустар бар. Олардың көбіс вирустық пневмонияға алып келеді асқынған кезде. Осы балалар арасында көп таралмау үшін, бүгінгі таңда үкіметпенен балалардың мектепке бармауын, оқшауландыру жөнінде шешім қабылданып жатқаны да осы". Педиатр дәрігерлер күзде маусымдық аурулардың қозған шағында, пневмония да өршуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен коронавирус инфекциясын балалардың ағзасы жеңіл көтеретінін растайды. Бұл таңғажайып құбылыстың сырын әзірге ешкім білмейтін көрінеді. ҒАЛИЯ СЕЙДАЛИЕВА, БІРІНШІ САНАТТАҒЫ ПЕДИАТР-ДӘРІГЕР: "Балаларда біле білсеңіздер вакцинация болады туылғаннан бастап, әрдайым өмір бақи вакцинация алынады. Сол екі, үш, төрт айда алынатын вакцинаның құрамында Хиповский деп аталады, немесе гемофильная палочкаға қарсы тұратын вакцина. Сол вакциналарды уақытылы алса, балаларда барлық осы пневмония, гемофильді қоздырғышы бар аурулар жеңіл түрде өтеді". Айта кетейік, вирус жұқтырған жүкті әйелдер дүниеге коронавирус инфекциясы жоқ бала алып келеді екен. Бір ғана мысал Covid-19 белгісі бар 167 ана дені сау сәби босанған. Вирус жабысқан 21 шарананы ақ халаттылар емдеп шығыпты.