Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыдағы әскери клиникалық госпитальде қызметтік тексеру жүргізілуде

Алматыдағы әскери клиникалық госпитальде қызметтік тексеру жүргізілуде

Алматыдағы әскери клиникалық госпитальде қызметтік тексеру жүргізілуде
ашық дереккөзі

 width= Қызметтік тексеру аясында Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев Алматыдағы Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің азаматтық медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында COVID-19-бен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін үстеме ақы төлеу, стационардың тыныс-тіршілігіне қызмет көрсететін тұлғаларды қолдау, тұрмыстық жағдайлары, медициналық жеке қорғану құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, әскери қызметшілер 16 шілдеде акцияға қатыспай, жұқпалы аурулар стационарының науқастарын емдеуді жалғастырып, саналы және азаматтық позициясын көрсетті.

Азаматтық қызметкерлердің оларға ай сайынғы үстеме төлеуге қатысты сөйлеуіне отбасын ұзақ көрмеуі, жұмыстың қауіпті және күрделі жағдайларын ескере отырып, жалақының жеткіліксіз деңгейі аясында моральдық-психологиялық жағдайдың шиеленісуі себеп болды.

Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы осы мәселені шешу және тез арада үстемеақы төлеу үшін Қорғаныс министрлігі қандай күш жұмсап жатқанын түсіндірді. Алайда, бұл белгілі бір уақытты талап етеді, өйткені шешім қорғаныс ведомствосына ғана байланысты емес. Қарулы Күштердің барлық медициналық мамандарына қаржылық қолдау көрсету үшін 2020 жылғы 20 шілдеде лауазымдық жалақысы мөлшерінде ақшалай сыйақы төленді.

Бас әскери-медициналық басқарма бастығы әскери госпитальдің басқа да шешілмеген мәселелерін талқыланды. Атап айтқанда инфекциялық стационарға монша-кір жуу қызметін көрсету, қалдықтарды шығару және жою, медициналық мекемеге жатпайтын, бірақ аталған мекемені қамтамасыз етуге қатысатын жүргізушілер мен басқа да персонал мәртебесі мәселелері.

Бас әскери дәрігер әріптестеріне дәрігерлік борыш пен медициналық этиканы сақтау керектігін еске салды. Халық әсіресе осындаай жағдайда олардың кәсіби көмегіне мұқтаж болған кезде, бір мақсатпен қауіпті вирустармен күрес жөніндегі жалпы шараларды жалғастыру маңызды болып табылады.