Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«5-10-20» бойынша өтініш қабылдау басталады

«5-10-20» бойынша өтініш қабылдау басталады

«5-10-20» бойынша өтініш қабылдау басталады
ашық дереккөзі
 width= Келесі аптада «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы өтініш қабылдау басталады. Алғашқы легінде сонау 1986 жылдан бастап үй кезегінде тұрғандарды пәтермен қамту көзделіп отыр. "Әкімдік дайындаған арнайы тізім негізінде азаматтарға СМС хабарлама жолданады",- дейді жауапты мамандар. Жылжымайтын мүлік нарығында тағы қандай өзгерістер бар? Пандемия пәтер бағасына әсере етті ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Карантин мен төтенше жағдай шарттары тұрғын үй нарығына да серпін алып келгендей. Қиын кезеңге қарамастан,пәтер алуға ниеттілердің қатары азаймапты. Бірақ үй таңдауда талғамдары сәл-пәл өзгерген. ГҮЛНАР МҰХАМБЕТОВА, САТУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
«Көптеген Қазақстан азаматтары карантин салдарынан үйден жұмыс жасауға мәжбүр болып отыр. Сол себепті пәтердің шаршы метрі емес, оның планировкасына аса мән беруде. Терассасы, лоджасы бар пәтерлер қазір сұранысқа ие».
Алайда мамандар экономикалық ахуал салдарынан баспана бағасы арзандауы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Жылжымайтын мүлік нарығында пәтер құны әзірге өзгеріссіз. ГҮЛНАР МҰХАМБЕТОВА, САТУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:
«3-5 пайыз мөлшерлемесінде үйдің құны өсуі мүмкін. Сарапшыларымыз осындай болжам айтып отыр».
Бұған шетелден жететін құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болып отыр екен. Айтпақшы жылдар бойы үй кезегінде тұрғандардың үмітіне айналған «5-10-20»  бағдарламасы 1 шілдеден басталуы керек еді. Алайда бюджеттен қарастырылуы тиіс 210 млрд теңгенің 90 млрды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ендігі аптада бірақ аударылмақ. ЛЯЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Біз аптаның басында бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға SMS-хабарлама жолдаймыз.  Олардың бізде жасақталған тізімі бар. Біріншіден, кезекке қашан тұрғаны маңызды. Сол үшін біз бұрыннан пәтер кезегінде тұрған отбасыларға хабарлайтын боламыз. Біз олардың құжаттарын қабылдап, талаптарды түсіндіреміз. Бағдарламаның келесі легі қыркүйек айында».
«5-10-20»  бағдарламасымен 16 мың отбасын баспанамен қамту жоспарлануда. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, алғашқы 90 млрд теңге шамамен 7-8 мың адамға жетеді. Осы орайда, пандемияның салқыны тұрғын үйден бөлек, коммерциялық жылжымайын мүлік саласына да ажептауір өзгеріс алып келіпті. Былтырғы жылдың маусым айымен салыстырғанда биыл мейрамханалар мен өзге де қоғамдық тамақтану орындарын жалға беру 6,8%-ға арзандаған. Коммерциялық бағыттағы нысандар мен жылжымайтын мүліктерді жалға беру Ақмола облысында −8,4%, Маңғыстау облысында −6,3%, Атырау облысында −8,2% және Шығыс Қазақстанда  −5,6%-ға  арзандаған. Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында жалға беру бағасы керісінше көтерілген. Сарапшылардың сөзінше, карантин кезінде сондай-ақ үйді кеңейтуге шешім қабылдағандар көп екен. Тіпті жер үйге қоныс аударғандардың да қарасы артқан.