Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Хабиб Нурмагомедов желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды

Хабиб Нурмагомедов желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды

Хабиб Нурмагомедов желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды
ашық дереккөзі
FC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қайтыс болғанынан кейін алғаш рет желіде жазба қалдырды. Хабиб Нурмагомедов Исра сүресінің 23-24-аяттарын мысалға алған. Аллаһ Тағала былай дейді: "Раббың: "Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!" - деп әмір етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі де қартайып қалса, онда оларға "Уфф!" – деме, айқайлама, бірақ сыпайы сөздермен сөйле. Екеуінің алдында мойынсыну қанатын мейірімменен жайып: "Раббым! Олар мені кішкентайымнан тәрбиелегендері үшін, оларды мейіріміңе бөле", - деп айт" (Исра сүресі, 23-24-аяттар).Әке, сенің орның ойсырап қалды. Сен әке, дос, аға және жаттықтырушым болдың. Сен мені барлық нәрсеге үйреттің, маған риза болған шығарсың деп үміттенемін. Өйткені ата-аналардың ризашылығы Алла тағаланың ризашылығы ғой, - деп жазды чемпион. Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов 3 шілде күні коронавирус індетінің салдарынан қайтыс болды. Дереккөз: Baq.kz порталынан