Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Цой: ақпараттық кеңістік халықты босаңсытып жіберді

Цой: ақпараттық кеңістік халықты босаңсытып жіберді

Цой: ақпараттық кеңістік халықты босаңсытып жіберді
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың пікірінше, мамыр айында төтенше жағдай аяқталған соң коронавирус жұқтырғандардың күрт артуына "ақпараттық кеңістік" те әсер еткен.Бұл туралы Азаттық радиосына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
"Ақпараттық кеңістіктен коронавирус індеті бітті, енді вирус тарамайды деген сияқты әсер алдық, сүйтіп халық босаңсыды. Ақпараттық кеңістікте бұл вирус өміршең, бізбен бірге жыл соңына дейін болады деген тұрғыда сақтыққа шақыратын ескертулер болмады" - деді министр 22 шілде күнгі мемлекеттік "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.
Қазақстанда 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында төтенше жағдай жарияланып, қатаң карантин шаралар енгізілген. ТЖ аяқталып, карантин ережелері жұмсарған соң вирус жұқтырғандар күрт артқан. 11 мамырда елде 5 207 науқас болса, бір айдан соң олардың саны 13 588-ге жетті. Қазір 76 799 адамнан коронавирус анықталған, 610 адам қайтыс болған. Күн сайын шамамен 1600-1700 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар бойынша әлемдегі отыз елдің қатарында. Көптеген адамдар ресми статистиканың дәлдігіне күмән келтіріп, шын мәнінде науқастар мен адам өлімі бұдан көп деп санайды. Бұған дейін билік өкілдері эпидемияның екінші толқынының пайда болуына және дәрі-дәрмек пен ауруханаларда орын тапшы болуына халықты кінәлаған. 8 шілде күнгі мәлімдемесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар "карантин шараларын жаппай сақтамай отыр" деп мәлімдеген. Ол сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығын "жүйелік қателіктері" үшін айыптап, қала, облыс әкімдерін "жайбасарлығы үшін" ескерту беріп, сөккен. Ал қоғамда індеттің былтырдан бері жалғасып келе жатқанына қарамастан үкімет оған қажетті дәрежеде дайындалмады, жемқорлық пен жүйесіздік кесірінен денсаулық сақтау жүйесі дағдарысқа төтеп бере алмады деген пікір бар.