Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары мал арасында құтыру ауруының тарап жатқанына шағымданды. Бұл туралы
zakon.kz. сайтына
Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл тұрғындары малдың біртүрлі аурудан шетінен қырылып жатқаны туралы ауданның да, облыстың да ветеринарлық қызметтерін хабардар еткен. Бірінші оқиға 30 мамырда болып, зертханалық тексеру жүргізілген, ол кезде малдың құтыру ауруы расталғанға ұқсайды. Алайда, басқа жағдайларға қатысты алынған сараптама нәтижесіне қатысты әлі жауап жоқ, - дейді ауыл тұрғындары.
Ауылдық округ әкімдігі "Евразия" Бірінші телеарнасына мал арасында ауру жұқтыру оқиғалары бар екенін растады. Төрт жағдайда ветеринарлық қызметтерден қорытынды алынды, қалған жағдайда олар сараптаманың қорытындысын әлі күтіп отыр.
- Біз бірінші зертханалық қорытындыны алғанда бірқатар іс-шараларды жүргіздік, өлген малмен байланысы болуы мүмкін 836 бас ірі-қараға екпе салынды. 2 аптадан кейін пастереллез ауруы үшін осы табын малға қосымша вакцина салынды. Ол малдар Привольное ауылында емес, яғни қазір ондағы мал оқшауланған, ауылға кірігізілмейді, - деді Багратионовка ауылдық округінің әкімі Айдар Чурбанов.
https://www.youtube.com/watch?v=w1Bxz7zBC_8&feature=youtu.be