Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 шілде, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тоқаевтың желідегі жазбалары неге кешкі уақытта жарияланады? – Берік Уәли жауап берді

Тоқаевтың желідегі жазбалары неге кешкі уақытта жарияланады? – Берік Уәли жауап берді

Тоқаевтың желідегі жазбалары неге кешкі уақытта жарияланады? – Берік Уәли жауап берді
ашық дереккөзі

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының кестесі туралы айтып берді. Бұл туралы NewsRoom+Ақпарат тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі қауырт. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар басшыларымен, жұртшылық өкілдерімен кездесулер мен кеңестер өткізіп, жоспарлы іс-шараларға қатысады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалыссыз жұмыс істейді және туындаған мәселелерге жедел әрекет етеді деп айта аламын. Дағдарысқа қарсы күн тәртібімен қатар ол мемлекет дамуының ұзақмерзімді міндеттеріне: экономиканы қолдауға, әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі, - деді Берік Уәли. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілердегі Президенттің кейбір жазбасы неге кешкі уақытта жарияланатынын түсіндірді. Президенттің twitter-дегі кейбір жазбасы кешкі уақытта шығатыны рас. Мемлекет басшысы еліміздің тыныс-тіршілігінен әркез хабардар және бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде шығатын жазбаларды оқуға уақыт табады. Егер Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп есептесе, ол қоғамдағы пікірталас тудырған оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, қажетті тапсырмалар береді. Жұмыс кестесі тығыз болған жағдайда мұндай жарияланымдар түнгі уақытта да пайда болуы мүмкін, - деп түсіндірді Уәли. Президенттің баспасөз хатшысының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев осылайша барлық мемлекеттік қызметкерге үлгі болып, қазіргі қиын кезеңде қалай жұмыс істеу керегін көрсетеді.