Асхат Аймағамбетовтың орынбасары ақша жымқырды деп айыпталуда

Асхат Аймағамбетовтың орынбасары ақша жымқырды деп айыпталуда

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрінің орынбасары 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Мұны құпия ақпарат көзі мәлімдеген. Бұл туралы malim.kz сайтына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

«Білім және ғылым вице-министрі 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Оған айып тағылды», – дейді агенттіктің құпия ақпарат көзі.
Ақпарат көзі А.Аймағамбетовтің төрт орынбасарының қайсысы күдікке ілінгенін айтпады. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірге бұл туралы ресми ақпарат таратпады. 21 шілде күні жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіндегі жоғарғы шенді шенеуніктердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Алайда олардың аты-жөндерін ашып айтпады.

Жүктелуде...