Қазақстанда кедейлік деңгейі 12,7 пайызға өседі

Қазақстанда кедейлік деңгейі 12,7 пайызға өседі

ашық дереккөзі

 width= Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, пандемия жағдайында Қазақстанда іскерлік белсенділік бәсеңдеген. 90-шы жылдардың аяғынан бастап бірінші рет ел экономикасы үш пайызға құлдырауы мүмкін. 22 шілдеде халықаралық институт ұсынған баяндамада 2021 жылы қазақстан экономикасы 2,5 пайызға ғана қалпына келуі мүмкін. Бұл туралы Азаттық радиосына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды. Дүниежүзілік банк Қазақстандағы дағдарыс кедейліктің өсуіне және теңсіздіккке әсер етеді деп болжады. Кедейлік деңгейі 2020 жылы 8,3 пайыздан 12,7 пайызға дейін өсіп кетеді. Бұл банк сарапшыларының пікірінше, қосымша 800 мың адам кедейлік шегіне шығуы мүмкін. Есеп авторлары Қазақстандағы еңбек нарығына пандемия мен оны болдырмауға байланысты шаралар - біліктілігі төмен жұмысшылар жұмыс істейтін салаларды ауыр зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Егер осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы ЖІӨ  2,3 пайыз деңгейіне өссе, шикізат бағасының құлдырауы мен сауданың төмендеуі орын алады. Инвестициялар ағыны бәсеңдеді,пандемия мен енгізілген карантиннің салдарынан халықтың тұтынушылық сенімі төмендеді. Валюталық девальвация инфляцияның Ұлттық Банктің мақсатты диапазонының жоғарғы шегінен асып кетуіне әкелді.

«Билік жинақталған бюджеттік резервтерден гөрі, COVID-19 пандемиясын болдырмау үшін алдын-алу шараларын көбірек қабылдап жатыр», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы  экономисті Самсу Рахаржа.
Мұнай сұранысының аздығы мен ұзаққа созылған пандемия экономикаға айтарлықтай қауіп төндіреді. Пандемия Қазақстанда адам капиталын дамытуға теріс әсер етеді. Әсіресе карантин кезеңі халықтың адами капиталды дамытуына кедергі жасайды. Дүниежүзілік банктің пайымдауынша,төмен бағаларға қарамастан, экономиканың қалпына келуіне бюджеттік ресурстардың тиімді мемлекеттік бағдарламалардың пайдасына қайта қарастыруға ықпал етуге болады.

Жүктелуде...