Қысылтаяң уақытта қамқорлықтарын танытып, өмір мен өлім арасында арпалысып жүрген дәрігерлерге Ордабасы ауданының тұрғындары алғыстарын айтты.
Ордабасы ауданының тұрғыны Абдрахман Амангелді:
“Кеше жағдайым нашардап, жедел-жәрдеммен аудандық-ауруханаға жеткізілдім. Бір күн ішінде Ордабасы аудандық аурухананың медицина қызметкерлерінің арқасында өз-өзіме келіп қалдым,жағдайым жақсы.Бірлігі мен тірлігі жарасқан аурухана ұжымына үлкен алғыс айтамын.Қатаң шараларды сақтап, денсаулықтарыңызға қараңыздар”.
Ордабасы аудандық аурухананың бөлім меңгерушісі Мырзабаев Абихан:
“Дәрігерлердің дені сау болсын, ауырмасын” деген тұрғындар тілегіне бізде қосыламыз. https://www.facebook.com/154569464753098/posts/1358503564359676/?vh=e https://www.facebook.com/154569464753098/posts/1357777754432257/?vh=e“Науқастардың көпшілігі аурудың 30 пайыз асқынған түрімен түсіп жатыр. Ауруханада сексен науқас бар. Тұрғындардан аурудың алдын алып,барлық сақтық шараларын орындауға шақырамын”.